Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

«Қазақстан» РТРК» АҚ жемқорлыққа қарсы стандарттары

«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

 

1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы:

Бұқаралық ақпарат құралдар саласы.

 

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеушінің атауы:

«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ (бұдан әрі - Корпорация) Заң департаменті.

 

3. Корпорацияда жұмыс жасап жүрген қызметкерлердің мінез-құлық (әрекет) қағидаттары.

 

3.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

Қызметкер өз қызметінде міндетті:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының, Заңдарының және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, заңдылық принциптерін басшылыққа алуға;

2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды анықтауда белсенді ат салысуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтағаны үшін жеке жауапкершілікте болуға;

3. әріптестерінен жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті талап етуге және қолдауға;

4. заңнамаға сәйкес емес және табысты алумен байланысты кәсіпкерлік және басқа қызметті жүзеге асыруда кез келгендерге ықпалдасуға бағытталған әрекеттерді жасаудан қалыс қалуға

5. жеке және заңды тұлғалардың өздерінің құқытары мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол беруге;

6. басқа тұлғаларды сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасауға бағыттамауға;

7. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабы, 1-тармағы, 4) тармақшасына сәйкес, заңды және жеке тұлғаларынан ақшалай қаражатты, қызметтерді, сыйлықтарды, тауарлар түріндегі сыйақыларды өзінің функциялар мен лауазымдық міндеттерді орындау деп қабылдамауға;

8. мүліктік және мүліктік емес пайдалар мен артықшылықтарды қабылдау немесе алу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және басқа ақпаратты пайдаланбауға;

9. «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заңда қарастырылған ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға ұсынудан бас тартпауға;

10. шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратпауға;

11. мемлекеттік органдар, мекемелер қызметіне заңсыз араласуды жүзеге асырмауға;

12. лауазымдық жағдайды теріс пайдалануды, негізсіз бюрократиялық көріністерді, сондай-ақ дөрекілік және ағат пікірлілік танытуды болдырмауға;

13. Корпорацияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша жүгінген тұлғалардың ар-намысы мен қадір-қасиеттерін құрметтеуге;

14. Жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдар, мекемелер, Корпорация қызметкерлерінің және басқа тұлғалардың қызметтеріне ықпал жасау үшін лауазымдық жағдайды пайдаланбауға;

15. Заңдылық принциптерін басшылыққа алуға, ҚР Конституциясын, Заңдарын және ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілерін сақтауға.

 

3.2. Өзінің құзыреті шегінде басқару және басқа шешімдерді әзірлеу және қабылдау кезінде:

1. өзінің лауазымдық өкілеттілігіне сәйкес функцияларды жүзеге асыруға; 

2. жеке және заңды тұлғаларға артықшылықты көрсетпеуге, лауазымдық міндеттерді атқару кезінде олардың әсерінен тәуелсіз болуға;

3. орындау үшін алынған тапсырманың заңдылығында күмәні туралы тікелей басшысына жазбаша түрде тезарада хабарлауға;

4. жасалынған және жасалынбаған сыбайлас жемқорлық заңбұзушылық туралы басшылыққа тезарада баяндауға;

5. мемлекеттік органдарда, құрылымдық бөлімшелерде, және басқа мекемелерде өтетін жұмыс топтарға, кездесулерге, отырыстарға қатысу туралы басшылыққа тезарада баяндауға;

6. БАҚ өзара әрекеттесу үшін тән сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және оларды анықтаған жағдайда, тиісті ақпаратты басшыға ұсынуға;

7. Бағынышты лауазымдық тұлғалардың міндеттерін және өкілеттілік көлемін нақты және айқын анықтауға;

8. Мүдделер қақтығысын болдырмауға, оларды жою бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдауға;

9. Егер тиісті басшының өзі мүдделер қақтығысына араластырылған болса, жоғары тұрған басшыларға жүгінуге;

10. Қол астындағы лауазымды тұлғалардың арасында еңбек жүктемесін біркелкі үйлестірілмеуін болдырмауға;

11. Олардың қызметі нәтижесін бағалау кезінде әділектілік пен объективтілікті танытуға, сондай-ақ марапаттау және жаза шараларын қолдануға;

12. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша жан-жақты шараларды қолдануға;

13. Қызметтен тыс сипатындағы мәселелерді шешу кезінде қол астындағыладың қызметіне әсер тигізу үшін қызмет бабын пайдаланбауға;

14. Олардың қызметі нәтижесін бағалау кезінде әділектілік пен объективтілікті танытуға, сондай-ақ марапаттау және жаза шараларын қолдануға;

 

3.3. Корпорацияның жергілікті актілер жобасын әзірлеу кезінде

1.Жергілікті актілерді әзірлеу сатысында заңмен белгіленген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қатаң ескертілу керек;

2. Әзірленетін жергілікті актілер жобасы нормативтік құқықтық актілерге қайшы болмау керек;

3. Жергілікті актілер жобаларын әзірлеу барысында Корпорацияның және басқа заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзуды болдырмау керек;

4. Жергілікті актілер жобалары Корпорацияның құзыреті шегінен шықпау керек;

5. Басқа құрылымдық бөлімшелер мүдделерін қозғайтын әзірленген жергілікті актілер жобалары тиісті құрылымдық бөлімшелерімен талқылау және келісу рәсімінен өту керек;

6. Жергілікті актілерде сыбайлас жемқорлық фактілерден және олардың белгілерінен тұратын нормаларды пайдаланбау керек;

7. Жергілікті актілерді әзірлеу кезінде, БАҚ саласында қызметті жүзеге асырып жатқан бөлек жеке және (немесе) заңды тұлғалар мүдделерінде нормаларды қабылдауды болдырмау керек.

 

3.4. Өмір сүру салаларының ерекшеліктеріне байланысты туындайтын басқа өзара әрекеттесу кезінде

1. Сұратуларды қабылдауда негізсіз бас тартуларды, оларды қарау кезінде қағазбастылықты және жалған ақпаратты ұсыну фактілерін болдырмау керек;

2. Өзінің жеке мүліктік және мүліктік емес пайданы алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттілігін және онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланбау керек;

3. Адамның қадір-қасиетін кемсіту, дөрекілік, жөнсіздік, тәрбиесіздік фактілерін болдырмау керек;

4. Кадрларды туыстық, жерлестік және жеке табынушылық белгілері бойынша іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеу керек, меритократия принципін сақтауды қамтамасыз ету керек;

5. Іс жүзінде орындалмайтын немесе олардың лауазымдық міндеттемелер шегінен тыс, сондай-ақ заңнамаға қайшы болатын тапсырмаларды бермеу керек;

6. Қызмет немесе жұмыс бойынша жоғары тұрған немесе төмен тұрған немесе онымен басқа тәуелділікте тұрған лауазымдық тұлғамен ақшалай немесе басқа мүліктік сипатындағы құмар ойындарға қатыспау керек;

7. өзінің лауазымдық өкілеттілігіне сәйкес функцияларды орындау керек;

8. Іскери этика кодексін және журналистер этикасы кодексін сақтау керек;

9. Корпорацияның басшылығына және (немесе) құқыққорғау органдарының мәліметіне оларға белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жағдайлары туралы тезарада хабарлау керек;

10. Қазақстан Республикасы заңымен тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық және т.б. жауапкершілік қарастырылған қателіктерді және басқа құқықбұзушылықтарды жасауды болдырмау керек;

11. Қызметтік немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін соның ішінде қол астындағыларды тартуға жол бермеу керек;

12. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқытарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау және қорғауды қамтамасыз ету және олардың жүгінулерін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастыру және олар бойынша қажетті шараларды қолдану керек.

 

4. Басқа шектеулер мен тыйым салулар

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпараттар құралдары туралы заңнама талаптарын сақтау;

2) Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген шектеулерді сақтау;

3) басшылардың бұйрықтары мен қаулыларын, олардың лауазымдық өкілеттілік құзыреті шегінде шығарылған Корпорацияның лауазымдық тұлғаларының бұйрықтары мен қаулыларын орындау.