Әуесбайдың Қанаты 

жәй ғана қарапайым журналист


"Бас кеспек болса да, блог кеспек жоқ" !!!

Барлық жазбалар

Барлық жазбалар

12.07.2012
19:29

Блог-толғам: Әнші мен актерға қол болған телеәлем немесе әнші болмай қалған журналисттің жан сыры !!!

  
  Жігіттер бұл журфакқа неге келдің? Ертеректе қазіргі Қазақ Ұлттық университеті  журналистика факультетінің деканы, ұстаз-ғалым Тауман Амандосов қырағы көзімен аудиторияны ұзақтауууууу шолып алатын-ды. Аудиторияның әр тұсында үрпиісіп отырған қыз-қырқынға сынай қарап, «журфаққа неге келдің?!» деп дүрсе қоятын әдеті бар еді деп естуші едік абыз мұғалімнің. «Ертең іссапар болады, кешке дейін жұмыста отырасың, жеке өмірге қолың тимейді, ал тұрмысқа қашан шығасың, баланы қашан табасың» ... Ары қарай →
3361 рет қаралған
47 пікір
02.05.2012
20:53

Телетарланның бес бақыты

  
   Әдетте біздің қоғамда едәуір орны бар, салмағы атан түйеге жүк болардай нар тұлғаның мерейтойына арнап, қазақ баспасөзі құттықтау-қалам тербейтіні бар. Пендешілік санамен елтұтқа азаматтың салмақ-абыройын мерейтойлық қалам тербеу қаншалық көп газетті қамтығанымен өлшеп те жатамыз. Бұл жолы қай баспасөзді ашып қалсаң да әріптестеріміз Нұртілеу ағамыздың 60 жылдық жетістігін бажайлапты. Мұндай атақ-абыройға бөленген тұлға қазақ қоғамында некен-саяқ. Телетарланның бұл бірінші бақыты деп түй ... Ары қарай →
2501 рет қаралған
32 пікір
24.04.2012
16:07

Міржақып-мұрат пен Махатхир-мұраттың айырмасы

  
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кетті, дін нашарлап, хал һараб боп, Қазағым, енді жату жарамас-ты.     Бұл өлең өткен ғасырда яки, 1909 жылы шыққан Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты тұңғыш өлеңдер жинағында басылған-ды. Жинақ жарық көргенде Міржақып небәрі 24 жаста екен. Жалынды жыр содан бері  күллі алаштың айнымас қамшысөз ұранына айналып кетіп еді, рас. Міржақып ақынның түйреусөзі қалың ұйқыдағы халқымызды қаншалықты оята алды? ... Ары қарай →
2169 рет қаралды
7 пікір
23.04.2012
14:58

Мен неге Әуесбайдың Қанатымын ???

  
...Биыл Әуесбайдың Қанаты деп атай бастағаныма 3 жыл толды. 36 ай өтсе де, біздің қоғамда төркіні «сіз неге Әуесбайдың Қанатысыз?» деген тұрпаттағы сананы сансыратқан сауалдар әлі де болсын менің құзырыма жолданып келеді. Жауап беруге бекінгенімнің себебі де сол еді.    Бұл көп журналистің ара­сынан әдейі ерекшеленіп, әлдебір атақ шығару үшін ойлап табылған амал емес. Халқымыз жетпіс жыл бойы - «ов», - «ев», - «вич» сияқты орыс тіліндегі «кімнің»? деген сұраққа жауап беретін ілік септіг ... Ары қарай →
2906 рет қаралды
46 пікір
29.03.2012
18:33

Қызық адам, қызық ажал, қызық қисын немесе күлкімізді тиған күлкі күні

  
...Әбеке, Абзал аға деуші едік өзіңізді. Қатты еркелейтін едік. Ұлан-ғайыр атыраптың тері сүйреткендей тегіс құладүзінде емес, Алматының аулаларында аунап-қунап өскен көп балалар сияқты қазақшасы шалалау болса да, ғазиз жанынан қазақы рух есіп тұратын Сізге сырттай сүйіспеншілікпен қарайтынмын. Орысша тіл қатысуыңызға қазақ тіліндегі еміс-еміс білетіңіз араласып, қойыртпақтағаныңыз өзіңізге біртүрлі жарасып та тұрушы еді. Соныңызды қызық көріп, емірене еркелейтін едік қой.    Ашуланғаның ... Ары қарай →
2639 рет қаралды
9 пікір
25.03.2012
14:04

Наурыздағы «киіт-құттықтаулар»...Құттықтаулар, құдды бір, құдалықтан құдалыққа көшкен киіт !?

  
    Көппен көрген Ұлыстың ұлы күнін де өткердік. Баяғының адамы ізгі ниет, жылы лебізін хатпен, телефонмен жік-жаппар айтып жатса, бүгінгінің кісісі қалтафон мен жаһандық желіге жүгінеді. Агент-тілек, SMS-тілек...e-тілектер (электронды пошта арқылы тілек) сансыз толып жатыр. Ақпараттық технологиялар ағайынмен аракідік қауышып, төс қағыстырмаса көңлі көншімейтін біздің халық үшін араласудың «іздегенге, сұраған» дейтіндей таптырмайтын құралына айналғалы қашаааааааааааан?! Әлбетте «руың кім ... Ары қарай →
3199 рет қаралды
10 пікір
15.03.2012
13:22

«Қазақтың пәленшесі болу» синдромы немесе кеселді әдеттен қалай құтыламыз?

  
    Бұл жағымсыз үрдісті әу баста әдебиетшілер қауымы бастады ма, қазір біліп болмайсың. Әйтеуір, мұнысы ауызекі үстел басында, дастарқандас замандастардың кеуілімен айтыла салған теңеу, телусөзге көбірек келіңкірейді санайды өзбасым. 1996 жылы Жамбылдың 150 жылдығы тұсында алғаш естігенім есімде. Жыр алыбы Жамбыл қазақтың Гомері деген телусөзді БАҚ өкілдері жарыса жазды, телеарналар көрсетті. Соңғысы бұл телусөз әдебиет зерттеушілерінің ғылыми мақалаларына да түрткі болды. Сонда мен 14 жас ... Ары қарай →
2499 рет қаралды
23 пікір
18.10.2011
17:33

Астанадан сөйлеп тұрмыз !

  
"Бас кеспек болса да, "блог" кеспек жоқ" !      ... Ары қарай →
15003 рет қаралған
369 пікір