«Таңшолпан» бағдарламасының редактор – жүргізушісі
Еліммен бірге қызығым,
Асылдың қалған ізімін.
Үкілеп жүрген үмітін
Қазақтың нәзік қызымын.
Жапырақ жайса желегім,
Барымды саған беремін.
Ақ Орда құрған Алаштың
Уығы болсам деп едім.
Асырсам, досым, даңқыңды
Шағала көңілім шарқ ұрды
Тіл мен дінін қастерлеп,
Халқымды сүйдім, салтыңды...