01 қаңтар
06:00

Алматыда 5-6 сәуір күндері Республика сарайында Республикалық «Ұланның» 20 жылдығына арналған Қазақстан эстрада жұлдыздарының концерті өтеді.
 
Оған Айман Мұсақоджаева, Нұрлан Өнербаев, Арыстанбек Мұхамедиұлы, Мұрат Шалабаев, Досымжан Таңатаров, Ардақ Балажанова, Элмұра Жанабергенова, Клара Төленбаева сынды өнер шеберлері, сондай-ақ «Белес», «Аламан», «Ғасыр» топтары қатысады.
 
Республикалық ұлан 1992 жылы 16-наурызда ҚР Президенті Жарлығымен Алматы облысы Қарасай ауданындағы «Красный Восток» кентінде орналасқан Ішкі әскерлердің шұғыл мақсаттағы жеке бригадасы негізінде құрылды. 1995 жылдың 5 желтоқсанында Елбасы «Респуликалық ұлан туралы» Заң күші бар Жарлыққа  қол қойды. Онда Республикалық «Ұланның» тікелей ҚР Президентіне бағынатыны және ҚР Қарулы Күштері құрамына кірмейтіні айқындалды. Республикалық «Ұлан» Мемлекет басшысы және басқа да күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, жоралғылық рәсімдерге қатысады, тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін аса маңызды нысандарды, ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды күзетеді.


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.