01 қаңтар
06:00

 
Ақтөбедегі этномәдени қоғамдық бірлестіктерге облыс әкімі грант табыстады. Қаржылай қолдау көрсетіп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Өңірде 90-ға жуық ұлт пен ұлыс өкілі тұрады. 18 этномәдени бірлестік жұмыс жасайды. Олардың барлығы Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрамында. Рухани бірлік пен татулықтың нығаюына үлес қосып жүрген бірлестіктер мәдени іс-шаралардың бел ортасында жүреді. Осындай этно-мәдени орталықтарға облыс әкімі кәсіпкерлерді тартып, қолдау көрсететінін айтты.
 
Равиль Құрбанғалиев, «Шатлық» татар-башқұрт орталығы бірлестігінің төрағасы:
Ортақ үйіміз – Қазақстан. Менің әкем осы жерде туылды. Мен, балаларым немерелерім өсіп келе жатыр. Басқа қайда барамыз. Туған елім, туған жерім Қазақстан. Осы бірлік пен татулықпен ауызбіршілікпен ең алдыңғы елу елдің қатарына кіреміз. Алла бұйырса, ол да болады.
 
Әлия  ТАЛАСОВА


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.