01 қаңтар
06:00

 
 

Мамырдың 1-де, Ынтымақ күнінде, кішкентай бүлдіршіндер Елордаға сыйлық жасап еді. Тақырыбын «Сәлем Астана!» деп қойып, Республиканың түкпір-түкпірінен келген жеткіншектер өз өнерлерін паш еткен-ді. Міне, сол дода тәмамдалды. Суырылып алға шыққан жас таланттар түрлі дипломдар мен сый—сияпатпен марапатталды. Астаналықтарды да Һәм сахнадағы саңлақтарды да разы еткен бұл байқау гала концертпен аяқталды.
 
Әбдірасіл Рахим, Өнер мектебінің директоры (Қарағанды облысы):
Республикалық деңгейдегі , еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, қатысып жатқан қатысушылардың өнерін шыңдауда бұл байқау орасан. Біздің балаларымыз осы байқауға қатысып, өнерге ғашық болып, қанаттанып, арқаланып қазақтың қара домбырасына, музыкасына қызығушылығы арта түсті деген ойымыз бар. Көп рахмет!
 
Роксана Кордюкова, домбырашы (Қарағанды облысы):
Мен көптен бері Астанаға келуді армандадым. Міне, мынадай байқауға қатысып, сол арман орындалды. Өзім домбыра үйірмесіне қатысамын. Қазақтың күйлерін нақышына келтіре орындауға тырыстым. Қазылар алқасы барлығымызды жоғары бағалап, марапаттап жатыр.
 
Нұрбек БЕКБАУ


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.