01 қаңтар
06:00

 
Еліміздің тау-кен метталургия саласын барынша дамыту қажет. Осыған орай, Астанада тау-кен металлургия кешенінің күндері өтеді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. Шілденің 4-і мен 6-сы аралығында өтетін шара барысында Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі және сала қызметкерлерінің 3-ші Съезі ұйымдастырылмақ. Оған бір мыңға жуық отандық және шетелдік  кеншілер мен металлургтер қатысады. Мақсат – еліміздің тау-кен металлургия өндірісінің бәсекеге қабілетін ұлғайтып, білікті мамандар даярлау. «Барлау.Өндіру.Өңдеу» тақырыбындағы жиында геология, көмір, тау-кен және металлургия өнеркәсібіндегі жеткен жетістіктермен қатар, осы саладағы басты мәселелер де сөз болады. Мұнымен қоса, отандық кәсіпорындар өндірген өнімдер көпшілікке таныстырылады. Тау-кен металлургия кешенінің күндерін жыл сайын өткізу дәстүрге айналмақ.
 
Асылбек Нұралин, ҚР Тау-кен өнеркәсібі еңбекшілері кәсіподағының төрағасы:
Бұл шара кезінде «Алтын Гефест» Ұлттық салалық конкурсының жеңімпаздары марапатталатын болады. Сондай-ақ, бұл Форум инновациялық жобалар негізінде басты бағыттардың бірі болады. Бұл шараны өткізу болашақта өз жемісін береріне сенімім мол.
 
Перизат ЕРМЕКҚАРА


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.