01 қаңтар
06:00

 
Алматы облысының Мыңбаев аулында балабақша ауласында ойнап жүрген 4 жасар баланы жылан шағып алды. Оқиға түскі серуен кезінде болған.  Балаға дереу көмек көрсете қоятын ауылда да, аудандық ауруханада да жылан уына қарсы екпе табылмапты. Қолы күп болып іскен Арсыланды ата-анасы қалаға өздері жеткізген. Бала екі тәулік жан сақтау бөлімінде жатып, кеше ғана жалпы палатаға шығарылды. Қолында аздап ісік қалғаны болмаса, қазір балғынның өміріне қауіп жоқ. Осы тосын оқиғадан соң 4 жасар Арсылан барып жүрген топтың тәрбиешісі өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш білдірген.
 
Олжас КЕРЕЙХАН


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.