01 қаңтар
06:00

 
 

Степногорда парашютпен секіру жаттығуы кезінде 13 жасар бала көз жұмды. Ішкі Істер департаментінің таратқан ақпарына сай, оқиға кеше болған. Сағат: 16:30 да, 17 бірдей жасөспірім  арнайы нұсқаушының бақылауымен әуе-десанттық дайындықтан өтіп жатқан. Алайда, қатты жел тұрып, жаттығуды кейінге қалдыруға тура келген. Бірақ, оқушылар ұстазды рұқсат беруге көндірген. Нұсқаушы тек, бір шәкірттің секіруін құп көреді. Осы уақытта, екі жасөспірім  рұқсатсыз парашютпен секіріп кетеді. Қатты желдің салдарынан қос оқушы да қатты мертігеді. Ал, 13 жастағы бала миы шайқалып, сол жерде қайтыс болды. Тағы екі жеткіншек ауыр жарақат алған. Дәл қазір тиісті ведомствоның баспасөз қызметі  осы оқиғаға байланысты 316-шы бап  бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтады.
 
Нұрбек БЕКБАУ


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.