01 қаңтар
06:00

 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі Православ христиандарды Пасха мерекесімен құттықтады. «Біз барлығымыз Құрбан айт, Рамазан, Пасха, Рождество секілді діни мерекелерді лайықты құрметпен атап келеміз. Бұл қасиетті даталар бәріміз үшін адамға деген ұлы сүйіспеншіліктің тағылымы іспетті. Біз осы дәстүрді қастерлеп сақтаймыз және нығайтамыз. Елімізде таяуда әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің төртінші съезі өткелі отыр. Осы жарқын мерекеде баршаңызға бейбітшілік, жақсылық және амандық-саулық тілеймін» делінген Елбасының құттықтауында.


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.