01 қаңтар
06:00

 
Астана ең тыныш, ең таза қала болуы керек. Елбасы Елорда басшылығына осындай міндет жүктеді. Бүгін Президент Назарбаевтың төрағалығымен, бас қаланың бүгіні мен ертеңі сараланған алқалы жиын өтті. Елбасы Астана әкімдігіне де, Үкіметке де бірқатар тапсырмалар берді, қаланың көркі мен келбеті келісті болуы үшін. Мәселен, Президент ұрлық-қарлықты айтпағанда, тіпті, көшеде жүріп,  аузындағы сағызын сылп еткізіп тастай салған адамды үш тәулікке дейін қамауға алуды ұсынды. Немесе, әжептәуір айыппұл салынады. «Осындай әдепсіздік үшін де жазаға тартылатынын түсінген адам үлкен қылмысқа бармайды», - деді Президент. Айтпақшы, қылмыстық көрсеткіш тұрғысынан бүгінде Астана еліміздің өзге қалаларынан қалыспай келеді. 1,7 пайызға, тіпті, алда кейбірінен. Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет саласы да назардан тыс қалмақ емес. Алдағы бір-екі жылда 11 емхана, 10 балабақша, 5 мектеп тұрғызылып, халық игілігіне жарамақ. Бұл мақсатқа мемлекет те қаржысын аямайды. Мәселен, былтыр Астана бюджеті 353 миллиард теңгені құрады. Бұл Беларусь астанасы Минскінің бюджетімен салыстырсақ, 2 жарым есеге артық екен.
 
Нұрсұлтан Назарбаев,  ҚР Президенті:  
Күн санап өсіп келетін Астана – еліміздің қарқынды көркеюінің белгісі. Дағдарыс тұсында, қиын кезеңде де Астананың құрылысын, көркеюін тоқтатқан жоқпыз. Өздеріңіз оны білесіздер. Сарыарқаның төрінде сәулетті шаһар орнаттық. Жаңа нысандар, тұрғын үйлер салдық. Елордамыз бұдан былай да, барлық салада бүкіл еліміз үшін үлгі болып, Қазақстанның өркендеуінің, дамуының белгісі болып қала береді, мемлекет оған барынша күш салады.
 
Қамар ӘМІРЖАНОВА


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.