01 қаңтар
06:00

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр. Бірлескен отырысқа Парламент палаталарының депутаттары, Премьер-Министр мен Президент Әкімшілігінің басшысы, Үкімет мүшелері, министрліктер мен ведомство басшылары және мемлекеттік органдар қызметкерлері қатысуда.

 Жиын барысында  Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын арнауда.  Жолдау Қазақстанның қазіргі жағдайы мен ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. 

ҚР Президентінің алғашқы Жолдауы 1996 жылдың қазан айында жолданған болатын. Жолдау «Елдегі жағдай мен 1997 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» деп аталған еді.

Ал  1997 жылдың 10 қазанындағы жолдау барысында «Қазақстан-2030» стратегиясы жарияланды.

1998 жылғы 30 қыркүйектегі Жолдауы: «Елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы: Қоғамды демократияландыру, жаңа ғасырдағы экономикалық және саяси реформа»;
 
 1999 жылғы 15 желтоқсандағы Жолдауы - «Елдің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі»;
 
 2000 жылғы 24 қазандағы Жолдауы - «Еркін, тиімді және қауіпсіз қоғамға қадам»;
 
 2001 жылғы 3 қыркүйектегі Жолдауы - «Елдегі жағдай және 2002 жылға ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы»;
 
 2002 жылғы 29 сәуірдегі Жолдауы - «Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылға негізгі бағыттары туралы»;
 
 2003 жылғы 4 сәуірдегі Жолдауы - «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға негізгі бағыттары»;
 
 2004 жылғы 19 ақпандағы Жолдауы - «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт» деп аталды.
 
 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдаудың тақырыбы - «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» болды.
 
 2006 жылғы 1 наурызда Жолдау - «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында! Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деген атаумен жарияланды.
 
 2007 жылғы Жолдаудың тақырыбы - «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан!» деп аталды. Бұл Жолдау Қазақстанды жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтары мен ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды 30 бағытын қамтыды.
 
 2008 жылғы 6 ақпандағы Елбасының Жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деп аталды.
 
 2009 жылғы 6 наурызда Президенттің жариялаған Жолдауы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға!» деп аталып, онда жаһандық дағдарыспен күреске бағытталған шаралар, елімізді қаржылық-экономикалық күйзелістен алып шығудың негізгі бағыттары, сондай-ақ бұдан кейінгі, яғни мемлекеттің дағдарыстан кейінгі дамуын қамтамасыз етудің жаңа міндеттері қамтылған болатын.
 
Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтарда жариялаған Жолдауы «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталды. Онда Президент негізінен «Қазақстан 2030» стратегиясы аясында атқарылған шараларға тоқталып, ел дамуының осыған дейінгі кезеңдерін шола келе, 2020 жылға дейінгі бағдарды айқындаған болатын.
 
Өткен жылғы Жолдау 28 қаңтарда «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» деген атпен жарияланды. Онда Елбасы жеделдетілген экономикалық жаңғырту Үдемелі индустриялық инновациялық даму мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар әлеуметтік саланың басым бағыттарына тоқталған еді. 


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.