Мамыр айының 5-6 жұлдызы аралығында Алматы қаласындағы «Достық» спорт кешенінде грек-рим күресінен Қазақ халқының біртуар ұлы, даңқты балуан, Кеңес Одағына еңбегі сіңген спорт шебері Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған республикалық турнир өтеді.
Биыл 13-рет өткізілгелі отырған дәстүрлі жарыс жасөсіпірімдер арасында өтетін болады.
Жеңімпаздар Қырғыз елінде өтетін Азия чемпионатына жолдама алмақ.
Турнирдің басталуы сағат 16.00-де.
Нәзира ЕЛЕУХАН
Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.



