01 қаңтар
06:00

 

 «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалы «Баспасөз және ақпарат» күніне орай тұңғыш рет «Ашық есік» күнін өткізді. Оған облыстағы мемлекеттік мекемелердің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, облыстық мәслихат депутаттары мен шығармашылық одақтардың өкілдері, газет редакторлары қатысты. Шақырылған қонақтарға филиал директоры телеарнаның студиялары мен бейнекөрініс құрастыру кешендерін аралатып көрсетіп, жаңа телевизиялық маусым алдында әзірленіп жатқан жаңа жобалармен таныстырды. Бұл үрдіс бұдан әрі облыстағы қоғамдық ұйымдар мен департамент басшыларының баспасөз-мәслихаттарын өткізумен жалғасатын болды. Алғашқылардың бірі болып бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары мен бас дәрігерлері «Қазақстан-Тараз» телеарнасының баспасөз орталығында арнайы жиын өткізді. Оған республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының жетекші өкілдері қатысты.


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.