01 қаңтар
06:00

Қазақстандық аудиторияны отандық және әлемдік мәдениеттің бай әрі сарқылмас қорымен таныстыру, Қазақстан халқының тарихи және мәдени мұрасын сақтап қалу, қазақ тілін, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау. Көрермендердің білім көкжиегін кеңейтіп, сұраныстарын қанағаттандыру. Қыркүйектің 26 күні көрерменге жол тартатын мәдени-ағарту «Мәдениет» телеарнасы жұмысының басым бағыттары осындай.
 
Қазақ аудиториясы спутник арналары арқылы телеэнциклопедияларды, ең үздік қазақ киносын, Кеңес одағы тұсында шығарылған көркем туындыларды, деректі фильмдерді, әлемдік кинематографияның бірегей туындыларын, тарихтан және атақты тұлғалардың өмірбаянынан сыр шертетін бағдарламаларды, ғылыми-ағартушылық бағдарламаларды, опера және концерттік бағдарламаларды, телеспектакльдер мен балет қойылымдарын тамашалай алады. 
 
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жаңа қазақстандық телеарнаны шын мәнінде халықтық арна ету үшін және оның көрермендердің жүрегінде өз орнын табуына жағдай жасау мақсатында жаңа арнаның фирмалық стилі мен логотипін жасауға шығармашылық байқау жариялайды.
 
Жұмысыңызды шілденің 28-іне дейін jpg форматында жіберуіңізді сұраймыз:
 
Е-mail: m.zhunusova@kaztv.kz
 
Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, бізбен хабарласыңыз:
 
Телефон: 8 (727) 3-93-22-87, 8 701 789 3891


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.