01 қаңтар
06:00

 
 

Бүгін Алматыда Н.Тілендиев атындағы 2-ші Республикалық дирижерлар байқауы басталды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 18 бен 40 жас аралығындағы 16 үміткер қатысып отыр. Дені-оркестрде жұмыс істеп жүрген мамандар. Яғни- кәсіби дирижерлар. Сондықтан сайыпқырандар конкурсына ҚР Еңбек сіңірген әртісі Айтқали Жайымов бастаған қазылар алқасы төрелік етпек. 8 жылдан соң екінші рет ұйымдастырылып отырған сайыс 2 кезеңнен тұрады. Үміткерлер Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық оркестрі мен Жамбыл атындағы филармонияның симфониялық оркестрімен жұмыс істеп, Н.Тілендиев шығармалары мен батыс классиктерінің  түрлі жанрдағы туындыларын орындайды. Байқау үш күнге созылады.
 
Айтқали Жайымов, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:
Дирижер мамандығын меңгеру үшін көптеген талаптар керек. Әрине, ол бір аспапты өте жақсы меңгерген маман болу керек. Музыкалық білімі мол, тек музыкалық білімі емес, жалпы әдебиеттен, тарихтан хабардар болғаны абзал. Музыкамыздың үлкен деңгейде, жоғары деңгейіне өтуіне дирижер бірден-бір себепкер. 
 
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.