Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Елордада өтіп жатқан «КАДЕКС-2012» қару-жарақ пен әскери техника көрмесі аясында халықаралық әскери, ғылыми, техникалық конференция өз жұмысын бастады. Алыс-жақын шет елден 200-ге тарта әскери қатысатын конференция екі күнге жалғасады. Қатысушылар заманауи әскери техникалық саясаттың дамуын және оның болашағы мен мәселелерін талқыламақ. Қазақстан үкіметінің атынан халықаралық жиынға қатысушылар мен меймандарды премьер-министрдің бірінші орынбасары Серік Ахметов құттықтады.
Серік Ахметов, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:
Мұндай маңызды шараның өтуіне осы жерде талқыланатын сұрақтардың маңыздылығы себеп болып отыр. Конференцияға қорғаныс саласындағы беделді мамандардың қызығушылығы жоғары. Оған 250 ұйымнан 200-ден аса маман қатысып отырғаны дәлел. Сондай-ақ, ғылыми конференцияға 76- Қазақстандық компания қатысып отыр. Қазақстан қарулы күштерінің құрылғанына 20 жыл толған тұста, бұл өте маңызды шара деп есептеймін.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.













