01 қаңтар
06:00

 
 

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы жастары осы ауылдан шыққан алматылық құрдастары атынан туған жерге  тал екті.  
 
Жалпы, шараға  «Жас Отан» жастар қанаты ұйытқы болды.  Ұйымның мүшелерінің айтуынша, бұл игі іске туған жерден алыста жүрген әр азаматтың атсалысу ниеті бар. Алайда, жер шалғай болған соң қол тиіп, мүмкіндіктері келе бермейді. Сондықтан ел ішіндегі құрбыларына қолқа салған. Аудан орталығындағы Жамбыл мектеп-гимназиясы маңындағы аллеяға  50 түп ақ қайың мен 15 түп шырша егілді. Келешекте бұл орын саябаққа айналып, ауыл жастарының сүйікті демалыс орны болады деген сенім бар.
 
 
Еркебұлан Сансызбайұлы, «Қаламгер» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі:
Негізгі мақсатымыз - ауыл жастарына үлгі болу. Яғни, адам жасқа қарамау керек, өзіміз әрқайсысымыз өз өңірімізді, шыққан жерімізді осылай көркейтіп, гүлдендіріп жатсақ нұр үстіне нұр болады. Еліміз бір болу үшін біз Елбасы саясатын қолдауымыз керек, патриот болып өсуіміз керек.
 
Нұржан МЕРГЕНБАЙ
 
 


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.