01 қаңтар
06:00

 
 

Қызылордада Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жанынан  білім тарату орталығы ашылды. Бұдан былай диқандар мен мал өсірушілер ғалымдармен пікір алмасып, тәжірибе бөлісетін болады. Жаңадан ашылған орталықта ауыл-ауылдан келген 25 адам қазір «күріш өсіру технологиясы» тақырыбында тегін дәріс алып жатыр. Агроном, механизатор, сушы және малшылар ғылымның жаңалықтары мен озық үлгілерін меңгере отырып, ауыл шаруашылығында тиімді тәсілдерді қолдануға икемделеді. «Аграрлық саланы әртараптандырып, еңбек өнімділігін арттыруда алда үлкен міндеттер тұр»,- дейді ғалымдар. Мәселен, егістік жерлерге тыңайтқыш себу, су жүйесін реттеу, зиянкестермен күресуде  ойласатын жайлар жеткілікті. Ал,  «сыр маржанының»  жаңа сорттарын өндіріске енгізу кезек күттірмейтін мәселе.
 
Серік Кененбаев, «Қазагроинновация» АҚ Басқарма төрағасы:
 Алдыңғы қатарлы мемлекет болу үшін, шетелдік технологияларды да трансферттеуіміз керек. Былайынша айтқан кезде, өзімізге әкеліп,оны өзіміздің климатқа ыңғайластыруымыз керек. Осы білім орталықтары осындай жұмыс атқарады. Білім орталықтарындағы жұмыстың құралы, бірінші-оқыту семинарлары. Қашықтан кеңес беру де жоғарылап жатыр.
 
 Әбуасан Төлеуов, агроном:
Бұл облыста бірінші, республикада оныншы ашылып отырған білім тарату орталығы екен. Бұл бізге келген сушыларға, звено жетекшілері мен агрономдарға, лаборанттарға тағы басқа ауыл шаруашылығы саласындағы қызметкерлерге дәріс берді. Өндірісті білімменен, ғылымменен байланыстырып отырмаса, ол әрі қарай дамымайды.
 
 
Мөлдір ҚҰЛМЫРЗАЕВА


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.