01 қаңтар
06:00

 

 

Ел Президенті, Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бұйрығын елдегі барлық әскери қызметкерлер қуана құптап жатыр.   Солардың бірі - «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери мекемелердің сардарлары мен сарбаздары. Бұл өңірлік әскери құрылымға Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарындағы бөлімдер топтастырылған. Қазір аталған бөлімшелерде 5 мыңға жуық әскери маман қызмет етіп жүр. Елбасының шешіміне «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының сардарлары мен сарбаздары да дән риза. Бейбіт елдің берекесін арттырып, тыныштығын сақтау жолында тер төгіп жүрген әскерилердің төл мерекесінің болуы орынды. «Бұл - буыны қатып, толысқан қазақ армиясының 20 жылдығына орай үлкен сый» деп санайды сарбаздар.  
 
Бақтияр Исламов: «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы 28738 әскери бөлімінің командирі:
ҚР Қарулы Күштеріне 20 жыл толуына, бүгінгі Жоғарғы Бас Қолбасшының бізге сенім артып, біздің мейрамды Мемлекеттік ресми мейрам етуі біз үшін өте қуанышты жағдай болуда. Біз Жоғарғы Бас Қолбасшының артқан сенімін әрқашан да орындауға дайынбыз.
 
Нұрлан Алдияров, ҚР «Батыс» өңірлік қолбасшысының әскери дайындық жөніндегі орынбасары:
Бұл Президентіміздің Қорғаныс саласына баса мән беретіндігін тағы да бір дәлелдейді. Жастардың бойындағы патриоттық сезімін оятуға да септігін тигізеді. Сонымен бірге, Бас қолбасшының  еліміздің Қорғаныс саласының 20 жылдығы қарсаңында шығуы - біз үшін үлкен мәртебе. Біздің мақсатымыз - Отан қорғау, қазіргі заманға сай кәсіби әскер жасақтап, мемлекетімізді қорғау.
 
Бекен ӘЛИРАХЫМ


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.