01 қаңтар
06:00

 

Қазақстанның Жерді қашықтықтан барлайтын алғашқы спутнигі  ғарышқа 2014 жылы ұшырылады. Бұл бүгін Алматыда өткен «Қазақстан мен Франция елдерінің ғарыш саласындағы әріптестігін нығайтуға арналған» басқосуда мәлім болды.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін салу туралы екіжақты келісім былтыр бекітілген болатын. Сол жоба аясында қазір елімізде екі бірдей спутник құрастырылып жатыр. Мамандардың айтуынша, ғарыш кемесі арқылы, елдегі экологиялық ахуалды анықтап, егіннен қанша өнім алуға болатынын да бақылауға мүмкіндік туады.     
 
Юг Лапорт-Вейвада,  EADS Astrium компаниясының Сауда және маркетинг бөлімінің директоры /Франция/:
Қазақстанның ғарыш саласын дамытуға арналған жоспары керемет. Біз де өз тарапымыздан сол жоспардың орындалуына атсалысамыз. Қазір Францияда құрастырушы, технолог, сынақшы мамандықтары бойынша 30 қазақстандық маман білім алып жатыр. Болашақта тағы 100 маман оқыту жоспарда бар.
 
 


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.