01 қаңтар
06:00

 
 

Қазақ елі-жүздеген  ұлыстардың  ынтымақта өмір сүруіне жағдай жасап отыр. Тағдыр тәлкегімен Қазақстанға келіп, құт мекен қылып отырған осыншама этнос өкілдерінің бір-бірімен бірлігі жарасуына ұлттық мәдени бірлестіктердің үлесі зор.
 
Мереке күні Павлодар облысының әкімі аймақтағы этно-мәдени орталық басшыларына арнайы грант табыстады. Елдегі ырыс ынтымаққа байланысты. Бұл ретте этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім бойынша еліміз өзге мемлекеттерге үлгі боларлық дәрежеге жетті. Қазіргі міндет - ынтымақ пен бірлікті бекіте түсу. Айталық, Павлодарда әр ұлттың өз тілін, салт-дәстүрін үйренуге арналған «Ұлттық жаңғыру мектебі» жұмыс істейді. 19 этно-мәдени бірлестікке арналған «Достық» үйі де бар. Қаланың бас көшесінде әрбір этно бірлестіктердің ұлттық болмысын айшықтайтын мүсіндер орнатылған «Достық» аллеясы салынды.  Сондықтан кездесу барысында бірлестік өкілдері бірауыздан сүттей ұйып отырған ел татулығына сызат түсірмеу бағытындағы жұмыстарды жандандыра беретіндерін айтты.
 
Болатбек Оразбаев, Қырғыз ұлттық-мәдени орталығының төрағасы:
Халықтың, көп ұлтты Қазақстанның басын қосып отыр бір адамдай қылып, осы баршамызға үлкен бір жағдайлар істелініп жатыр. Міне, осы тілейтінім, Қазақстанға өзіміздің үлесімізді қолдан аямай қосып отырамыз. 
 
Татьяна Кузина, Славян ұлттық-мәдени орталығының төрайымы   
Біз жастарға татулықты сақтап, берекелі өмір сүрудің маңыздылығын қалай жеткіземіз? Бұл біздің бабаларымыздан бері келе жатқан үрдіс қой. Оған еш сызат түспеуі керек. Тағы бір басты міндет - екі ел Перезиденттерінің кездесуіне дайындық. Бұл шарада алдымен ұлттар татулығын паш етуіміз керек. Ерлан Мұхтарұлы айтты ғой, Павлодар жерінде бұған дейін еш елдің Президенті болмаған.Сондықтан бұл біз өте қуанышты.  


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.