01 қаңтар
06:00

 
«Болашақ бүгіннен басталады». Осы республикалық шара аясында павлодарлық жастар сенбілік ұйымдастырды. Мақсат - замандастарын экологияға қамқор болып, отансүйгіштікке шақыру.
 
Тырма-күректерін арқалаған 150-ден астам студент Ертіс жарқабындағы «Қаз қонақ» деп аталатын табиғи ескерткіш аумағына жиналды. Бұл жерден кезінде сирек кездесетін қанжар азулы жолбарыс, керік, мамонт, аса ірі тасбақа секілді 60-қа жуық жануар мен аңдардың қаңқалары табылды. Бір қызығы, аңдардың сүйектері бірінің үстіне бірі үйіліп жатыр. Ғалымдар бұл кереметтің жауабын әлі тапқан жоқ. Ертіс тасыған уақытта шайынды сумен жағаға шығып қалатын сүйектерді зерттеумен ғана шектеліп отыр. Арнайы археологиялық зерттеу жүргізілген жоқ. Тіпті, айналасы қоршалмаған. Бүгінде ол жерге жастар қамқор болып жүр.
 
Нұрсұлу Исабекова, «Серпін» дарынды жастар қоғамының төрайымы:
Бұл шараның негізгі мақсаты -  жаңағы «Қаз қонақ» ескерткішін тазарту, сонымен қатар қазіргі жастарға патриоттық және экологиялық тұрғыда тәрбие беру болып табылады.  
 
 


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.