Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Төлепберген Әлиев, ардагер:
«Ата» қорының мына Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, тыл ардагерлеріне беріп жатқан көмегі көп. Жұмысын кварталға, жылға жоспарлап алады. Сол жоспар бойынша істейді.
Марат Қабдысалықов, «Ата» қоғамдық қорының төрағасы:
Қорға ақшаны қайда, қанша жұмсау қажеттігін ардагерлерден құралған комиссия шешеді. Бірінші кезекте бала-шағасы жоқ, тұрмысы ауыр жандарға көмектесеміз.
Осы уақытқа дейін «Ата» қоры мұқтаж жандарға 300-дей мүгедектер арбасын, 1000-ға тарта есту аппаратын тапсырған. Жасанды тіс салу, дәрі-дәрмекпен қамту күнделікті жұмыс. Шипажайлар мен емдеу-сауықтыру орындарына тегін жолдама беру де дәстүрлі үрдіске айналған.
Қанапия Мырзақожа, ардагер:
Астанаға, Челябіге санаторияға барып келіп жатыр майдангерлер. Сосын, мына өзіміздің жергілікті шипажайларға да жіберіп отырады.
«Полк баласының» істеп жатқан жұмысына қарттар дән риза. Ал, үлкенді сыйлап өскен қор төрағасы болса «қарттарды қадірлеу – қастерлі міндет» деп біледі. Мұны, әсіресе, ата-ана қамқорлығына шөліркеп өскен Марат сияқты адамдар терең түсінеді.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.













