01 қаңтар
06:00

 
Топырақ жат жерден бұйырған павлодарлық сарбаздың мәйіті кіндік қаны тамған Қашыр ауданына әкелініп, қайта жерленетін болды. Екінші дүниежүзілік соғыста із-түссіз кеткен Жұмабай Бектұрсыновтың сүйегі Ресейдің Киров қаласындағы бауырластар зиратында жатқанын сол аймақтағы «Фронт» іздеу тобы хабарлаған.

 Іле-шала Павлодарлық «Майдан Жолы» жасағы марқұмның Қашыр ауданы, Тереңкөл ауылында тұратын туыстарын тауып, жолға әзірлікті бастады. Бауырластар зираты Старая Русса қаласының солтүстік-батысындағы майдан даласында екен. Қазақ сарбазының мойнына таққан медальонында аты-жөні, тұрғылықты мекен-жайы жазылыпты. Павлодардан баратын делегацияға облыс әкімі Ерлан Арын туған жердің топырағы салынған арнайы капсуланы тапсырды. Ол жақтан да топырақ әкелініп, сарбазды қайта жерлеу рәсімі жасалады.   
 
 Рәзия Әубәкірова, Жұмабай Бектұрсыновтың немересі:
Әрине 70 жылдан кейін атамыз жайлы мағлұмат табылғандығын аса тебіреніспен қабылдадық. Ресейліктерге рахмет, іздеу салып жатыр екен. Ер азаматқа топырақ туған жерден бұйыруы керек қой. Жылдар өтсе де соған шүкіршілік! 


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.