01 қаңтар
06:00

 
 

Тәртіп сақшыларын сынақтан өткізу құқық қорғау жүйесін  тазартады. Іскерлік қабілетін арттыруға септігін тигізеді. Бұл  құқық қорғау органдары қызметкерлерін сынақтан өткізу туралы заңгер- Әбдіқаһар Сейітжановтың пікірі. Заңгердің  айтуынша, бұл сынақта тек қана Отанына адал қызмет ететін, әділдікті жаны сүйетін азаматтар іріктелмек.
 
Әбдіқаһар Сейітжанов, заң ғылымдарының кандидаты, доцент:
Азаматтардың біріншіден, мемлекеттің алдында, адамдардың алдындағы жауапкершілігін күшейтеді. Екіншіден, осы қызметтегі  кездейсоқ кіріп кеткен тұлғаларды біз тазалаймыз.  Бүгінгі таңда құқық қорғау қызметіне деген  сенім айтарлықтай емес. Менің өзімнің ойымша, осы аттестациялаудан кейін осы құқық қорғау  органдарына деген қарапайым азаматтардың сенімі арта ма деп ойлаймын.
 
Айгүл  ЕРМАХАН
 


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.