01 қаңтар
06:00

 
 

Бүгін оралдық жанкүйерлер мен спорт саласының басшылары Азиада алтынын ұтып алған допты хоккей шеберлерін қарсы алды. Жерлестерін жерге қаратпай, туған жерге жеңіспен оралған хоккейшілердің құрметіне әуежайда салтанатты жиын ұйымдастырылды. Бұдан соң еліміздің көк байрағын желбіреткен көліктер керуені қаланың көрікті көшелерін аралап, шаһар халқына спортшылардың келгенін паш етті.
 
Бенди бәсекесі Қысқы Азия ойындарының бағдарламасына биыл алғаш рет енгізілгені мәлім. Әуелі қырғыздарды 21-0, кейін монғолдарды 17-0 есебімен тас-талқан ғып ұтқан қазақ хоккейшілері финалда да тамаша ойын өрнегін көрсетті.
 
Осы ұлттық құраманың негізі Ресей чемпионатының бірінші лигасында ойнайтын «Ақжайық» командасынан жасақталған. Азиада алтынын алған хоккейшілердің барлығы да – оралдықтар. Ендігі арманымыз – келер жылы Алматыда өтетін әлем біріншілігінде өнер көрсетіп, жеңіске жету, дейді Азия чемпиондары.


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.