01 қаңтар
06:00

 
Қазақстандық теннисші Алексей Кедрюк ITF турнирінде топ жарды. Халықаралық теннис федерациясының тікелей қолдауымен Шымкент шаһарында өткен Kazakhstan Фьючрес додасының финалында Кедрюк белорусь ракеткасы Сергей Бетауды тізе бүктірді. Жалпы жүлде қоры 10 мың АҚШ долларын құрайтын жарыстың ақтық кезеңі 6-2 және 7-5 есебімен жерлесіміздің пайдасына шешілді.
 
Бүгін Алматыда энергетиктер арасында спорттың 8 түрі бойынша спартакиада ұйымдастырылды. Жыл сайын аталған сала қызметкерлері спорт алаңдарында бас қосып, өз шеберліктерін паш етуді әдетке айналдырған. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорт пен дене шынықтыруды серік еткен жандар осылайша еліміздегі бұқаралық спорттың дамуына үлес қосуда. Олар бір сәт волейбол мен футбол алаңдарына шығып, дойбы мен нарды тақталарында өз өнерлерін ортаға салды. Шағын футболда 11 команда өзара мықтыны анықтаса, ала допты алақанында ойнатқан волейболшылар бәсекесінде 8 ұжым сынға түсті. Ал ең қызықты өткен эстафеталық жарыста «Сайман» ұжымы тек соңғы сәтте ғана жеңісті жұлып әкетті. Бұл спартакиаданың мақсаты «жеңіс емес, бастысы – қатысу» деген ұран болды.


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.