01 қаңтар
06:00

 
Елбасы биылғы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту үшін жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берді. Бұл міндет қазір халық арасында кең қолдауға ие болып, түрлі еңбек ұжымдарында спорттық бәсекелер ұйымдастыру дәстүрге айналды. Соның бір айғағы - Талғар қаласында өткен кәсіподақ ұжымдары арасында волейбол турнирі. Жарыс барысында шау тартса да, жігерлері жасымаған қарттар ала допты алақандарында ойнатып, әлі де тың, ширақ екендерін көрсетті. 

Жұмағали Кебекбай, №4 кәсіптік лицей директоры:
Бізде мұғалімдер, оқушылар түгелдей спортқа тартылды. Біз таңғы оқуды бастамас бұрын бізде таңғы жаттығудан бастаймыз. Бүкіл 600 оқушы осы алаңға шығып, мұғалімдермен бәріміз таңғы жаттығу жасап, сонан кейін барып оқуға кірісеміз. 

Аталған лицей ұжымы тек өз оқушыларының ғана емес, қала халқының да спортпен белсенді шұғылдануы үшін жұмыс жасап келеді. Қаладағы барлық спорттық шаралардың ұйытқысы да осы лицей. Тоқырау жылдары тоза бастаған білім ордасы қазір қалпына келтіріліп, оқушылардың спортпен айналысуға барлық мүмкіндік жасалған. Бұл қала халқының спортпен шұғылдануына жол ашып, өңірде спорттың дамуына жаңа серпін әкелді.


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.