01 қаңтар
06:00

 
Қазақ күресі дамудың жаңа соқпағына түсті. Жуырда Швейцарияның Велей қаласында әлемдік күрес түрлерiн бiрiктiрген FILA-ның алқалы жиынында төл спортымыз бүкіләлемдік студенттер ойындарының бағдарламасына енгізілді. 2013 жылы Татарстанның Қазан қаласында жалауы желбірейтін бәсекеде қазақ күресінің тұсауы кесіледі. Әзірге тек 70, 80, 90 және жоғары салмақ дәрежелерінде белдесулер өтеді. Ал жалпы, универсиада ойындарына қазақ күресінен жолдамалар төрт құрлықтың балуандарына берілетін болады. Олар Азия, Еуропа, Африка мен Америка чемпионаттарында 1-4 орын алған балуандар мен әлем чемпионаттарында 1 мен 8-ші орынды иеленген спортшылар жазғы универсиадада күреседі. Айтып өтейік, бүгінгі күнде әлемнiң 30-дан астам елінде Қазақ күресi федерациялары құрылып, түрлі деңгейде төл спортымыздан дүбірлі додалар өтуде. Соның бірі 17-ші сәуірде Бразилияда жасөспірімдер арасында Әлем біріншілігінің оты тұтанады. Ал шілдеде Литвада қазақ күресінен Еуропа чемпионаты ұйымдастырылады.


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.