Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Американың Орландо қаласында жалғыз басты әйел асырап алған екі қыз бір анадан туған болып шықты. Оларды Бонни есімді әйел 1998-2001 жылдары Қытайдың Хунань провинциясындағы әлеуметтік орталықтардың бірінен алған. Бірақ, таяуда жүргізілген ДНК сараптамасының нәтижесіне қарағанда, Крейтон мен Райли – апалы-сіңлілер екен. Екі қыздың мұхит асып, бір үйге қалай түскені белгісіз. Анығы сол – олар өз әке-шешесін тауып бір қауышқысы келеді. Бонни болса, балалардың бұл ниетіне қарсы болмаса да, жеткіншектерді туған анасына қайтаруға әзір емес.
Арыстан РЫСБЕК
Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.













