01 қаңтар
06:00

 
Қарыз дағдарысы Италия экономикасына ауыр соққы болып тиді. Әсіресе, елдің онсыз да мешеулеп қалған оңтүстігіндегі жағдайды одан ары қиындатты. Мысалы, Бари қаласында бір көшенің бойындағы 100-ден астам дүкеннің 70-ке жуығы қаңырап тұр. Дүкендердің есік-терезелеріне «жалға беріледі» немесе «сатылады» деген хабарландырулар ілінген. Экономистердің болжамына қарағанда, Италияны биыл тағы да рецессия күтіп тұр. Оның үстіне, жұмыссыздар саны көбейіп, жалақы төмендеп, салық көтерілді. Сондықтан, тұрғындардың көпшілігі қаражатты мейілінше үнемдеп жұмсауға мәжбүр.
 
Арыстан РЫСБЕК


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.