01 қаңтар
06:00

 
 

Босниядан шыққан америкалық азамат Адис Медун Джанинге Нью-Йорк метросын жаруға әрекет еткені үшін айып тағылды. Сот оның кінәсі толық дәлелденді, деп таныды. 2008-жылы  Пәкістандағы «Әл-Каида» лагерінде дайындықтан өткен лаңкес дәл сол уақытта теракт ұйымдастыру туралы нұсқау алады. Жоспарға сай, 2009-жылы Медун Джанин америкалық мегаполистің метросына кіріп, өзін-өзі жарып жіберуі тиіс еді. Оның сыбайластары болған. Ауғандық Зареин Ахмедзай мен пәкістандық Наджибулла Зази. Әуелде олар өз кінәларын мойындаған-ды. Алайда, Медун Джаниннің адвокаттары «ол, Пәкістанға «Талибан» қозғалысына қосылып, кейін Ауғанстандағы НАТО әскеріне қарсы күресу үшін барды», деп отыр. Осы іс бойынша сот үкімі үстіміздегі жылы қыркүйектің 7-де белгілі болады.
 
Мадина Мұқанова


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.