01 қаңтар
06:00

 
 

 «Түркі әлемінің мәдени төрі- Астана – диалогтың алаңы».  Бүгін осындай ұранмен Елордада  2-ші  ғылыми-конференция басталды.  
 
Ұлттық Академиялық кітапханада  түркітанушы ғалымдар  - қазіргі түркі халықтарының ғылыми-гуманитарлық ынтымақтастығын  кеңейту төңірегінде келелі мәслихат  құрды. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының  ұлттық-мәдени орталықтары мен бірлестіктерінің өкілдері қатысуда. Конференция бес бағыт бойынша  өтеді. Конференция аясында «Түркі рухы төрімде шалқып» деген атаумен  көрме де ұйымдастырылды.  Ұйымдастырушылардың  айтуынша  болашақта  Астана - отандық және шетел ғалымдары мен мәдениет, өнер қайраткерлерінің ғылыми әлеуетін іске асырудың  алаңына айналмақшы.     
 
Мұрат Әуезов, мәдениеттанушы:
Бұл енді, заманның жалпы, енді мынау, жиырма бірінші ғасырдың заңдылығы деуге болады. Осы жақындар бірін-бірі іздейді. Және де, сол ынтымақтыққа ұмтылады. Сондықтан, бұл өте заңды. Жалпы, түркі тектес халықтардың санын алсақ, бұл үлкен орта деуге болады. Және де біздің тарихымыз ортақ. Өте бай.   Мыңдаған жылдар тарихымыз бар. Тәуелсіздікке ұмтылған халықтардың әрқайсысы өзінің ерекше бір қуаты болады. Сол жағынан да біз тағдырласпыз деуге болады.
 
Алмат ӘБДІРАМАН
 


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.