01 қаңтар
06:00

 
Маңғыстау облысындағы  «Қаражанбас» кен орнында  мұнайшыларға арналған  вахталық кент пен өндірістік базаның іргесі қаланды. Осы ретте  «Қаз-Мұнай-Газ Барлау Өндіру» Акционерлік қоғамының басшылық құрамы және бір топ ардагер мұнайшылар  жұмысшылармен кездесіп, құрылыстың жобасымен танысты. Құрылыс  Қаражанбас және Қаламқас кен орындары бойынша  2 вахталық қалашық пен 2 өндірістік базаға есептелген. Оның алғашқысы  400, ал соңғысы  200 адамға арналған. Жұмыскерлер үшін  демалыс орны да салынбақ.
Бұл  жаңадан құрылған  Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы жұмыскерлерін  әлеуметтік-тұрмыстық еңбек жағдайымен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шара. Мұнда  400 кісілік жатақхана мен 300 орындық асхана, монша және кір жуатын кешен, спортзал құрылысы жоспарланып отыр. Құрылыс  толықтай  2013 жылдың  мамыр айында аяқталады. Бұған  2 млрд. теңгеден астам  қаражат қарастырылған. Сондай-ақ, 250 дана  арнаулы техникаға арналған  өндірістік базамен қатар  қосалқы жұмыс нысандары да ашылады. Енді  жұмыстан босап қалған мұнайшылар  қайта еңбекпен қамтылмақ.
 
Сағат Мұңалбаев, мұнайшы:
Қазір бізде 946 адам бар. 1080 адам Қаражанбастан жұмыстан шықты. Оның жартысы Өзенге кетті. Келмей жүргендері де бар. 50-60 адамдай. Әзірге қызметке бекіген жоқпыз. Жұмысшы топ құрып алып, келген адамдарды таңдап жатыр.
 
Алик Айдарбаев, «Қаз-Мұнай-Газ» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры:
Ол жұмысшылар жұмыспен қамтылды. Оның ішінде оқытылып жатқандар бар. Осы екі нысанға .20 млрд. теңге бөлінді.
 
Жазира ӘБІЛ


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.