01 қаңтар
06:00

 
Жаңаөзен оқиғасы кезінде қамауға алынғандардың бірқатары босатылды. Мұнайлы шаһардың қоғамдық комиссиясының өтінішімен осы аптада 11 адам абақтыдан шыққан. Жеке басы, кінәсінің деңгейі және от­ба­сылық жағ­дайы ескеріле отырып, оларға  жеңілдетілген  бұлтартпау шарасы қолданылды. 
Мерекенің берекесі бұзылған күні жаппай тәртіпсіздіктің қатысушысы ретінде Асылбек те көпшілікпен қамалып кеткен. Оның шарқ ұрған анасы Әлия Дайкенова баласын іздеп, «бармаған жерім, баспаған тауым қалмады сол күні», – дейді.
 
 Әлия Данкенова, қала тұрғыны:
Өздері жіберді 25 күнен кенйін. Ешқандай жазығы жоқ, кінәсі жоқ деп. Ақталып шықты. Қазір үйде, аман. Дені сау.
 
Жаңаөзен қаласы қоғамдық комиссиясының өтінішімен осы аптада 11 адам абақтыдан босатылды. Тағы алтауы рақымшылыққа ілікті. Шетпе кентінде де тәртіпсіздік кезінде ұсталғандар босатылып жатыр. Өткен аптаның ішінде 4 адам қамаудан шыққан. Қоғамдық комиссияның жұмысы ақпанның бірінен тоқтатылса да, халық тарапынан әлі де болса арыз-шағым келіп түсіп жатыр. Жазықсыз қамауда жатқандарды босату жөнінде 36 өтініш келген.
 
 Асылбек Айдаров, Ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Қалай болғанда да, кінәсі дәлелденбеген, жазықсыз азаматтарды жазаламайды деп ойламаймыз. Қалай болғанда да, елдің тыныштығын сақтау үшін, қаламыздың жақсаруын тездету үшін жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мәселесі, уақытша қамауда жатқандардың орынсыз жазаланбау мәселесін біз қолдаймыз, қорғаймыз.
 
Осы аптада Бас прокуратура Жаңаөзен қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздікке қатысты тергеудің толық аяқталғанын хабарлады. Енді барлық жайттың ақ-қарасын сот анықтайтын болады.
 
 Бауыржан Мұхамеджанов, Маңғыстау облысының әкімі:
Сот ашық өтеді. Келем деуші адам сотқа қатысуға құқығы бар. Көрем деген адам өз көзімен көріп, өз құлағымен естиді.
 
Жаңаөзен оқиғасына қатысы барлардың ісі бойынша жаза тағайындау – құзырлы органдар құзырында.
 

Жасын БІРКЕНОВ



Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.