01 қаңтар
06:00

 

 

Ақтау қаласында Жаңаөзен ісі бойынша сот жалғасып жатыр. Бүгін осымен 3-ші күн. Түскі үзіліске дейін  оқиға кезінде мүлкі қирап, зардап шеккен 13 жәбірленуші сөз алып, олардың 11-і бастапқыда  жазған арыздарын  қайтарып алды. Қалған екі азамат шыққан  шығындарын  өтеуді талап етті. Сот тыңдауына үкіметтік емес және қоғамдық ұйымның  өкілдері де қатысып отыр. Күн сайын  сот отырысынан кейін Бұқаралық ақпарат құралдары  үшін арнайы брифинг ұйымдастыру да жоспарланған. Ал,  соттың өту барысы жайлы халық өз пікірлерін ортаға салуда. 
 
Сағын Жаманбаев, Еңбек ардагері:
3 күн болды, сотқа қатынасып жатырмын. 3 күннің ішінде бірде-бір минут жібермей, барлығын қарап жатырмын. Сот Нағашыбай Аралбаевтың төрағалығымен өтіп жатыр. Ешқандай қысым жоқ. Жақсы жүріп жатыр.
 
Бақытжан ОМАРОВ


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.