01 қаңтар
06:00

 
Жаңаөзен оқиғасына қатысты соттың бүгін 6-шы отырысы өтті.
Сот басталған уақытта бір айыпталушы асқазан ауырып, талықсып тұрғанын судьяға жеткізген. Сот залына лезде дәрігерлер келіп, сотталушыға алғашқы медициналық көмек берді. Бүгін 17 жәбірленушіден жауап алынды. Ішінде жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшылық құрамы, күйреген банктердің өкілдері, «ӨзенМұнайГаздың» кәсіподақ ұйымы төрағасы мен кәсіпкерлер бар. Олардың басым бөлігі  арыздарынан бас тартқан жоқ. Соттан шығынды өтеп беруді талап етті. 7-ші тыңдалым ертең әдеттегідей Ақтау уақытымен сағат 10-да басталады
 
Нұрлан Күнтуов, Маңғыстау облыстық сотының ресми өкілі:
Жалпы алғанда бүгінге дейін 104 жәбірленуші сұралды. Олар Жаңаөзен қаласында орналасқан екінші деңгейлі банктер, жеке кәсіпкелер мен заңды тұлғалардың өкілдері. Сот талқылаулары барлық процеске қатысушылардың құқығын сақтай отырып, қалыпты жағдайда өтуде.
 
Жазира ӘБІЛ


Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Аты: 

Сіздің пікіріңіз модератордың тексеруінен кейін жарияланатын болады.