Н. Назарбаев Кедендік бақылау Комитеті төрағасын қабылдады
Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Кедендік бақылау Комитетінің төрағасын қабылдады. Мәжит Есенбаевтың айтуынша, Кеден қызметін жаңғырту бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әсіресе, жүктерді заңсыз рәсімдеу тәжірибесін жою және тауарларды шекарадан өткізу жұмыстарын жылдам атқаруға ден қойылған. Сондай-ақ, Қазақстанның Кеден қызметі мен Ресей және Беларусь мемлекеттерінің транзиттік жүйелерін интеграциялау жұмыстары атқарылған.