Астана
Москва
Париж
Нью-Йорк
Токио
Жыл құсының дауысы тіршілікке жан бітірген көктемде; мамыражай тартқан жазғы таңында; танауды сан алуан жемістің иісі қытықтаған алтын күзде; ақ қар аспаннан толассыз жапалақтаған, қоңыраулатып қыс келгенде – Сізді тәтті ұйқыңыздан «Таңшолпан» оятсын!
Бағдарлама мақсаты - танымал тұлғалар мен кейінгі буын арасын байланыстыра отырып, оларды көрерменге жақын таныстыру.
«Айгөлек» бағдарламасы аясында бүлдіршіндер және әлеуметтік мәртебесі, кәсібі мен жас мөлшері әртүрлі адамдар «Қазақстан» телеарнасындағы әр жексенбісін қызықты және еркін өткізу мүмкіндігіне ие болады.
«Алаң» бағдарламасы елді алаңдатып отырған мәдени-әлеуметтік мәселелерді көтереді.
Футболдан УЕФА чемпиондар лигасының ойындары ешбір адамды бейжай қалдырмайтын шығар. Іріктеу кезеңдерінен бастап финалдық тартысқа дейінгі уақыт аралығында өз клубына жанкүйер болғандар көгілдір экраннан көз алмайды.
Ұлт өнерінің шаңырағын аспандатқан, ұмытылмас рухани мұра қалдырған жарқын тұлғалардың асыл бейнесін, олармен қоян-қолтық бірге ғұмыр кешкендердің естелік әңгімелері арқылы еске алуды көздейді.
Бағдарламада адам денсаулығын жақсартуға қажетті жаңа технологиялар, ем-домның жаңа түрлері, дәрігерлер мен фармацевтердің пікірлері, емшілерден зардап шеккен жандардың тағдыры, дәрігерлердің ерен еңбектері баяндалады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – еліміздегі әлеуметтік жағдайы тым ауыр немесе аз қамтылған отбасылар, көп балалы жалғыз басты аналар, қолынан іс келетін мүмкіндігі шектеулі жандардың жан айғайын қалың көпшілікке жеткізе отырып, қиыншылықтан шығар жолды бірге іздестіру.
Қазақстан Елордасы жайында көп айтылады және жазылады. Деректі фильмдер де түсіріліп жатыр. Десек те, Астана туралы айтылмаған, көрсетілмеген жайттар жетерлік.
Еліміз нарықтық экономикаға аяқ басқалы қазақстандықтар шетелден ағылған тауарларды қолдануда. Өтпелі кезеңде сапасы беймәлім, стандарттарға сай емес өнімдер нарықты жаулап алды.
Бағдарламаның мақсаты – ұлттық ат спорты түрлерінің бірі әрі бірегейі көкпарды өзге де командалық спорт түрлерімен терезесін теңестіру.
Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама қабылданып, ауқымды жобалар жүзеге асырылу үстінде. «Даму» хабары осы бағдарламаның орындалу барысын баян етеді.
Арнайы репортаж – арнайы репортаждар мен журналистік зерттеулер. Өзекті мәселелерді, көкейкесті тақырыптарды таңдап көрерменге жіті түсіндіреміз. Журналист кадрда көп жұмыс жүргізеді, тақырыпқа орай сарапшылар қызықты пікірлер айтады.
Бүгін «Қазақстан» телеарнасынан көретіндеріңіз:
«Толағай» отбасылар сайысы - еліміздің барлық аймақтарынан келетін отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықтық бағдарлама.
дүйсенбі-жұма,14.50
жексенбі, 18.00
жексенбі, 10.25