Жыл құсының дауысы тіршілікке жан бітірген көктемде; мамыражай тартқан жазғы таңында; танауды сан алуан жемістің иісі қытықтаған алтын күзде; ақ қар аспаннан толассыз жапалақтаған, қоңыраулатып қыс келгенде – Сізді тәтті ұйқыңыздан «Таңшолпан» оятсын!  

«Толағай» отбасылар сайысы - еліміздің барлық аймақтарынан келетін отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықтық бағдарлама.

Парламент қабырғасындағы соңғы жаңалықтардан хабардар ететін бағдарлама. Халық қалаулылары көтеретін өзекті мәселелер, оны шешуге арналған түрлі ұсыныстар, жаңа бастамалар мен министрлерге жолданатын сауалдар және оған жауаптар. 

Бағдарламаның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттап, апта айшығындағы спорттық ақпараттарды дер кезінде көрерменге жеткізу. Сондай-ақ, әлемдік ареналарда көк байрағымызды желбіретіп, ел мерейін үстем еткен жаңа спортшыларымызбен таныстыру.

Әр жексенбі сайын апта қорытындысы.

Арнайы репортаж – арнайы репортаждар мен журналистік зерттеулер. Өзекті мәселелерді, көкейкесті тақырыптарды таңдап көрерменге жіті түсіндіреміз. Журналист кадрда көп жұмыс жүргізеді, тақырыпқа орай сарапшылар қызықты пікірлер айтады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – еліміздегі әлеуметтік жағдайы тым ауыр немесе аз қамтылған отбасылар, көп балалы жалғыз басты аналар, қолынан іс келетін мүмкіндігі шектеулі жандардың жан айғайын қалың көпшілікке жеткізе отырып, қиыншылықтан шығар жолды бірге іздестіру.

Жобаның мақсаты - әрбір қазақстандықтың және жалпы қоғамдағы азаматтық белсенділікті арттыру.

Жасалған қылмыстың тартар жазасы бар екендігін көрерменнің есіне салу.

«Жайдарман» - көңілді тапқырлар өнер көрсететін танымал телевизиялық ойын-сауық бағдарламасы. Тележоба әзіл-оспақты қолдана отырып, қоғамның дамуындағы мәселелерді ашуға, ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтарды сақтауға, дамытуға шақырады.  

Бағдарлама мақсаты - танымал тұлғалар мен кейінгі буын арасын байланыстыра отырып, оларды көрерменге жақын таныстыру.  

Аталмыш тележоба Қазақстан армиясының күнделікті тыныс-тіршілігімен, атқарған іс, жеткен жетістіктерімен таныстырып қана қоймай, жастар арасындағы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға, олардың патриоттық санасын оятуға ықпал етуге арналған.

Саясат, экономика, әлеуметтің өзекті мәселелерін дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері тікелей эфирде Ұлттық арнаның «Өзекжарды» бағдарламасынан көріңіздер.

Бағдарламада адам денсаулығын жақсартуға қажетті жаңа технологиялар, ем-домның жаңа түрлері, дәрігерлер мен фармацевтердің пікірлері, емшілерден зардап шеккен жандардың тағдыры, дәрігерлердің ерен еңбектері баяндалады.

«Айтуға оңай...» ток-шоуы тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерді, өзекті оқиғаларды талқыға салады. Сондай-ақ, мерекелік күндерге де түсірілімдер арнайды.   Бағдарлама қонақтары: қарапайым азаматтар, өнер адамдары, қоғам қайраткерлері, саясаткерлер және құзырлы мекемелердің өкілдері.  

 

«Алаң» бағдарламасы бүгінгі қоғамдық (саяси, әлеуметтік, қаржылық, экономикалық) мәселелерді лауазымды тұлғалармен ашық талқылап, шешу жолдарын көрерменмен бірге іздейтін ток-шоу. Мұнда айтылған әрбір құнды пікірге, бүкпесіз шындыққа орын бар!

Бағдарлама дәстүрлі Исламды халқымыздың салты, әдет-ғұрпымен байланыстыра насихаттау және осы тұрғыда қалыптасып отырған түрлі көзқарастарды сараптау мәселесін көтереді.

«Жарқын бейне» - өмірден өтсе де, өшпейтін із қалдырған, аты аңызға айналаған азаматтарды еске алу бағдарламасы.

Үздік әзілдер «Жайдарманның» қаймақтарын сүзіп ала отырып, ойыншыларды басқа да қырынан көрсетуге бағытталған.

«Қазақтың қолөнері» хабары халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, өшпес мұра болып келе жатқан асыл қазынасы – бай қолөнерін, оның ішінде: тоқыма, сырмақ сыру, ағаш бұйымдарын әрлеу, ісмерлік, ұсталық сынды өнерін насихаттайды.
Қазақстан мен әлемнің ең тамаша әуендері өзек болатын бұл музыкалық жарысқа негізделген телеойында жұртшылық назарына қазіргі таңдағы танымал әндермен қоса, сирек орындалатын, бірақ, халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, классикалық туындыға айналған әндер де ұсынылады.

«Елорда» хабары  Астананың  тыныс-тіршілігіндегі, сәулеті мен руханиятындағы маңызы зор оқиғаларды жұртшылық назарынан тыс қалдырмауды мақсат етеді.       

Жаһандық өркениет, төрткүл дүние тынысы, «Қазақстан» Ұлттық арнасының әлемге саяхаты әр жексенбі сайын «Жиһанкез» бағдарламасында!

Әдебиет, өнер, мәдениет, саясат, әлеуметтік салаларда ел-жұртқа танылған қоғам қайраткерлері, тұлғалар туралы деректі желілік фильм.

«Ас мәзірі» бағдарламасында келген қонақ пен жүргізуші әр елдің, халықтың, әр ұлттың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын Қазақ ұлтының ерекшеліктерімен, табиғатымен салыстыра отырып, өзара әңгіме-дүкен құрады. Бағдарлама барысында келген қонақтың ұлттық мерекелері туралы айтылады.  Сол мерекеде жайылатын дастархан, ұлттық тағам туралы әңгімелесе отырып, сол тағамды студияда қонақ әзірлеп береді. 
Бабаларымыз тал бесіктен жер бесікке дейінгі ғұмырында ұшқан құстың екі қанатындай ән мен күйін жанына серік еткен. Кешегі халық музыкасын өмірінің жалауы еткен әнші, жыршы, күйші, сал-серілер туындатқан қазақтың дәстүрлі классикалық музыкасы бүгінгі ұрпағына аманат болып отыр.
Қазақ Үкіметінің тыныс-тіршілігі туралы хабар беретін бағдарлама. Оның әр саны Үкіметтің отырысында талқыланған тақырыптар мен қабылданған бағдарламаларды халыққа кеңірек таныстыруға арналған.

«Жұлдызды сәт» тележобасы арқылы еліміздің түкпір-түкпірінде жүрген беймәлім дарын иелерінің таңқаларлық өнеріне куә бола аласыздар. Қатысушылардың жасы мен мамандығына шектеу қойылмаған. Жоба түрлі атпен әлемнің 40 елінде көрсетілді. Қазылар алқасының құрамында Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай әл-Тарази, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы және Сидней Олимпиадасының жүлдегері Ислам Байрамуков бар. Бас жүлде - 5 миллион теңге.  

  • «Таңшолпан»

    Әр таң сайын «Қазақстан» Ұлттық арнасының шымылдығын «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы ашады.

  • «Жаңа Қазақстан-2050»

    Қазақ Үкіметінің тыныс-тіршілігі туралы хабар беретін бағдарлама.

    «Елорда»

    Астана 21 ғасырдың жауһары, ұлтымыздың руһын ұйытып, бір мақсатқа - әлемде өзгелермен терезесі тең, дамыған мемлекет құруға ұмтылдырған қозғаушы күш.

    «Жайдарман» әзілкештер мен тапқырлар сайысы

    «Қазақстан» телеарнасындағы жастарға арналған жоба.

    «Өзекжарды»

    Саясат, экономика, әлеуметтің өзекті мәселелерін Ұлттық арнаның «Өзекжарды» бағдарламасынан көріңіздер.

    Жаңалықтар

    Жұрт назарына ел және жаһан жаңалықтары ұсынылады.

    «Арнайы репортаж»

    Арнайы репортаж – бүгінгі заманның өткір әлеуметтік мәселелеріне арналған телевизиялық бағдарламалардың циклі.

    «Аpta.kz»

    Елімізде бір апта көлемінде болған саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайларға және мәдени-рухани кеңістіктегі оқиғаларға талдау жасалады.

    «Парламент»

    Парламент қабырғасындағы соңғы жаңалықтардан хабардар ететін бағдарлама.

  • «Ұлттық өнім»

    Қазақстандағы инновациялық жобалардың аяқ алысы бағдарламаның негізгі тақырыбына айналған.

    Телеарна ұсынады

    Ұлттық арна көрерменге көзайым жобаларын ұсынады!

    «Жұлдызды сәт»

    Тележоба арқылы еліміздің түкпір-түкпірінде жүрген беймәлім дарын иелерінің таңқаларлық өнеріне куә бола аласыздар.

    «Жайдарман». Үздік әзілдер

    Үздік әзілдер «Жайдарманның» қаймақтарын сүзіп ала отырып, ойыншыларды басқа да қырынан көрсетуге бағытталған.

    «Ас мәзірі»

    Бағдарламада келген қонақ пен жүргізуші әр елдің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын Қазақ ұлтының ерекшеліктерімен салыстыра отырып, өзара әңгіме-дүкен құрады.

    «Ғибратты ғұмыр»

    Ел-жұртқа танылған қоғам қайраткерлері, тұлғалар туралы деректі желілік фильм

    «Жиһанкез»

    Жаһандық өркениет, төрткүл дүние тынысы, «Қазақстан» Ұлттық арнасының әлемге саяхаты әр жексенбі сайын «Жиһанкез» бағдарламасында!

    «Айтуға оңай...»

    Тұрмыстық-әлеуметтік ток-шоу.

    «Ән-жұмбақ»

    Бұл музыкалық жарысқа негізделген телеойында жұртшылық назарына қазіргі таңдағы танымал әндер ұсынылады

    «Қазақтың қолөнері»

    «Қазақтың қолөнері» хабарының мақсаты- ұлттық өнерді насихаттау

    «Жарқын бейне»

    Өмірден өтсе де, өшпейтін із қалдырған, аты аңызға айналаған азаматтарды еске алу бағдарламасы.

    «Қылмыс пен жаза»

    Заңның жүзеге асуын, қылмыстының құрықталып, жазаға тартылуын сипаттайтын бағдарлама

    «Сыр-сұхбат»

    Бағдарлама қонақтары заманында талай асуларды алып, шыңдарды табындырған алдыңғы буын ағалар мен аналар.

    «Менің Қазақстаным»

    Жоба мақсаты- әрбір қазақстандықтың және жалпы қоғамдағы азаматтық белсенділікті арттыру.

    «Жан жылуы»

    Бағдарламаның мақсаты- халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ел болып атсалысуға шақыру.

  • «Толағай»

    «Толағай» отбасылар сайысы арқылы еліміздің жас өрендерін отбасыларымен бірге спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтамыз.

    «Көкпар»

    Бағдарламаның мақсаты – ұлттық ат спорты түрлерінің бірі әрі бірегейі көкпарды өзге де командалық спорт түрлерімен терезесін теңестіру.

    «Sport.kz»

    Бағдарламаның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттап, апта айшығындағы спорттық ақпараттарды дер кезінде көрерменге жеткізу.

  • «Ағайынбыз бәріміз»

    Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған жоба.

    «Өнер шежіресі»

    Айтулы тұлғалардың шығармашылық жолдары мен қазақ өнеріне қосқан өзіндік қолтаңбасы бағдарламаның өзегіне айналады.

    «Телқоңыр»

    «Телқоңыр» бағдарламасының мақсаты – қазақтың дәстүрлі ән өнерін насихаттау, бабалар мұрасын жалғастырушы дәстүрлі әншілерді елге танытып, қолдау көрсету, ынталандыру.

    «Ақсауыт»

    Тележоба жастар арасындағы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға, оларды патриоттық санаға баулуға үлкен ықпал етуді мақсат тұтады.

    «Алаң»

    «Алаң» бағдарламасы бүгінгі қоғамдық мәселелерді лауазымды тұлғалармен ашық талқылап, шешу жолдарын көрерменмен бірге іздейтін ток-шоу.

  • «Иман айнасы»

    Бағдарлама діннің рухани-адамгершілік тақырыбына арналады.

    «Дауа»

    Телеемханада жаныңа жайсаңдықтың дауасын дарыту жолдары сөз болады.

  • «Қазақстанды таныту»

    Бұл жобада қазақ халқының мәдениеті, өнері, дәстүрі дәріптеледі.