Жыл құсының дауысы тіршілікке жан бітірген көктемде; мамыражай тартқан жазғы таңында; танауды сан алуан жемістің иісі қытықтаған алтын күзде; ақ қар аспаннан толассыз жапалақтаған, қоңыраулатып қыс келгенде – Сізді тәтті ұйқыңыздан «Таңшолпан» оятсын!
| Редакциясы: Таңғы бағдарламалар шығармашылық бірлестігі Жетекшісі: Гүлмира Дайрабаева Жанры: ақпаратты-сазды Продюсері: Гүлжан Орынбай Шеф-редакторы: Қанағат Әбілқайыр, Ғалия Өзбекбайқызы Сценаристері: Болатбек Баянханұлы, Бауыржан Сабырбек Жүргізушілері: Берік Көшербекұлы, Ирина Тен, Маржан Болатханқызы, Жансерік Бейсеев Редакторлары: Назым Исмаханбет, Еркін Шәкірұлы, Айнұр Қалдыбайқызы, Жазира Зәкірқызы, Ақбота Тойбекқызы, Берік Сұлтан, Әлімбек Келдібай Қоюшы режиссері:Серік Ыбрайым Режиссері: Боранхан Мұсабаев, Бимахан Төлебаев, Әйгерім Серғазы Режиссердің ассистенттері: Әсел Ниязалы, Макка Талапқызы, Айдана Қаптағай Үйлестірушісі: Әйгерім Архатқызы Ұзақтығы: 2 сағат 40 минут Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: дүйсенбі-жұма, 7:00 - 9:40 Жиілігі: аптасына 5 рет Байланыс телефоны: 8 (727) 393 22 31, 393 22 53 e-mail: tansholpan@kaztv.kz |
Әр таң сайын «Қазақстан» Ұлттық арнасының шымылдығын ашатын «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы жаңа маусымын бастады. Үш сағат бойы тікелей эфирде сан алуан тақырыпты қамтып, ұланғайыр қазақ даласының түкпір-түкпіріне ән мен жырдан шашу шашатын «Таңшолпанда» биыл қандай өзгеріс бар?
Түрлі ой маза бермей, әр тарапта жүрген ұл-қызының тағдыры тынышын алған ата-ананы; әр таңды сарыла тосып, елінің ертеңіне алаңдаған қаһарман ұлды; ай жарығына малынған, малынбаған мақпал қара түнде, кейде ғой жұлдызы жамыраған алқаракөк аспан астында ұйықтай алмай дөңбекшіген бозбала мен бойжеткенді; қаланың толассыз шуылы жағаға ұрып, ойын онға бөлген қалалықты; төрт түліктің дауысы жанына жайлылық сыйлаған алыстағы ауыл халқын – тәтті ұйқысынан «Таңшолпан» оятсын! Сұрағыңыз немесе ұсынысыңыз болса, хат жазыңыз. Біз міндетті түрде жауап береміз.
* - толтырылуы міндетті жолдар |


