Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Корпоративтік басқару

Қоғам корпоративтік басқаруды басқару және бақылау жүйесі ретінде қарастырады, бұл Қоғамның операциялық тиімділігін арттыруға, акционердің пайдасын ашық және айқын басқару құрылымын құру негізінде, акционер мен басқа да мүдделі тараптардың құқықтарын сақтау және мүдделерін қамтамасыз ету жолымен барынша акционер үшін табысты кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қоғам өзінің қызметінде ашықтық, айқындық, есеп берушілік, құзыреттілік, жауапкершілік қағидаттарына негізделген корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарына ұмтылады. Корпоративтік басқару құрылымы Қоғамның басқару органдарының өкілеттіктерін нақты анықтайды.

Жоғары басқару органы - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің атынан Жалғыз акционер.

Акционердің мүдделерін қамтамасыз етуді бақылау және құқықтарын сақтауды Қоғамның стратегиялық басқару органы болып табылатын Директорлар кеңесі жүзеге асырады.

Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылық етуші Басқарма атқарушы орган болып табылады.

Директорлар кеңесіне Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметі бойынша тәуелсіз ақпаратты ұсыну үшін Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін Ішкі аудит қызметі құрылды.