Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Алматыдағы Алатау аудандық ХҚКО Универсиада ойындарынан кейін жаңа ғимаратқа көшеді

Универсиада ойындары аяқталған соң Алматының Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының мүмкіндігі екі есеге артады. Себебі, бұл мекеме жаңадан салынған Атлетикалық қалашықтың ішіндегі аумағы 1260 шаршы метр болатын жаңа ғимаратқа көшірілмек.

Сондай-ақ, жаңа ғимаратта аудандық Миграциялық полиция қызметі де орналасады.

Айта кетейік, Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы қазір аумағы 700 шаршы метр болатын ғимаратта орналасқан.

Амангелді СЕЙІТХАН