Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Қазақ радиосының тілшісі Дәулет Абылқасымов журналистердің «Самғау» ұлттық байқауының жүлдесін жеңіп алды (ФОТО)

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің «Самғау» ұлттық байқауының өңірлік номинациялары иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Жеңімпаздарға Грузия, ОАЭ, Қытай, Әзірбайжан, Үндістан, Армения, Тайланд, Түркия, Ресей, Украина және Беларусь елдеріне туристік жолдамалар табысталды. Соның ішінде Қазақ радиосының ШҚО-дағы меншікті тілшісі Дәулет Абылқасымов та бар. Ол еліміздің брендтерін насихаттау мақсатында Мысыр еліне арнайы сапармен барады.

Байқаудың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы «Халық маркасы» Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» ЗТБ президенті Римма Тәжібаеваның айтуынша, байқауға барлығы 200-ге жуық қатысушы бақ сынауға тілек білдірген. Олардың көбін 18 бен 29 жас аралығындағы жастар құраған. Пайыздық тұрғыдан алғанда, қазақтілді орта, сондай-ақ, блогерлер мен интернет журналистері ерекше белсенділік танытқан. Қатысушылары ең көп аймақтар ретінде Астана мен Алматы қалалары және Қарағанды облысы тіркелді.

«Біз қашаннан бері отандық өнімдердің шетелдікінен артық болмаса, бір де кем еместігін айтып келеміз. Бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда, сапасы мен пайдалы қасиеттері, дизайны жағынан айтарлықтай ілгерілеушілік бар. Алайда, өз тауарларымыздың артықшылықтарын насихаттау жағы артта қалып келеді. Бұл байқауды ұйымдастырғанда осы олқылықтың орынын толтырып, журналистер қауымын жұмылдыруды көздедік. Біз сол міндеттің үдесінен шықтық деп ойлаймын. Яғни, журналистер арасынан қызығушылық толқынын тудыра алдық», - деді Р.Тәжібаева.

Айта кетейік, байқаудың негізгі бөлімі, бұған дейін жарияланған баспасөз (газеттер, журналдар), радио, теледидар, интернет – БАҚ (оның ішінде, жаңалықтар агенттіктері), әлеуметтік медиа (блогерлер), шетелдік БАҚ номинацияларының иегерлерін анықтау және басты жүлде – автокөлікті табыстау рәсімі Наурыз мейрамын тойлау барысында Мәскеу қаласындағы Қазақстан павильонында өткізіледі деп жоспарлануда.

Жеңімпаздар «Астана Экспо-2017» аясында «Халық маркасы» павильонымен бірге дүниежүзінің 12 елін аралайды.

 

Поделиться: