Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

«Қазақстан» РТРК» АҚ интернет-редакциясы өзінің ресми имидждік ролигін ұсынады (ВИДЕО)

«Қазақстан» РТРК» АҚ интернеттегі ресми www.kaztrk.kz  порталы  бұл - интернеттің қазақстандық сегменттегі бірыңғай беті.

Портал РТРК құрамына кіретін бірқатар радио-телеарналардың сайттарын қамтиды. Олар: Ұлттық арнаның, «Балапан» телеарнасының, «Kazsport» телеарнасының, Қазақ радиосының, «Шалқар» ұлттық арнасының, «Астана» радиосының, «Classic» радиосының  және  аймақтық телеарналардың 12 сайты.

Сондай-ақ, жекелеген жобалардың арнайы сайттары да бар. 

Барлық әлеуметтік желілерде порталдың және жеке арналардың ресми парақшалары бар.

Бүгінде порталдың  Аndroid, IOS-қа арналған мобильдік қосымшалары жұмыс істейді.

Интернет-редакция ұжымы сайттарды әзірлеуді, SMM-маркетингті, интернет-маркетингті, WEB-дизайнды, SEO-оңтайландыруды жүзеге асырады, уақтылы және үзіліссіз трансляция жүргізеді. Сондай-ақ, инфографика, подкасттар, түрлі байқауға дауыс беруді, интернеттегі алаңда Корпорацияның барлық активтерін, WEB-талдауды және басқаларын ұсынады.

«Қазақстан» РТРК» АҚ интернет-редакциясы бұл - жедел хабар тарату! Сенімді ақпарат! Корпорацияның барлық активтерін кез келген қондырғыларда ұсыну!

Бізбен бірге болыңыздар!

Поделиться: