Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

«Тәуелсіздікке 25 ән» жобасы қорытындыланды

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақ радиосы мен «Қазақстан» РТРК» АҚ Интернет редакциясының бірлескен «Тәуелсіздікке 25 ән» атты жобасы қорытындыланды.

Жоба аясында Тәуелсіздік жылдарында жарық көріп, бүгінге дейін тыңдаушысын жоғалтпай, олардың көңілінен шыққан үздік 25 ән анықталды. Интернет қолданушылар vote.kaztrk.kz сайты сүйікті әндеріне дауыс берді.

Айта кетейік, додада 214 ән бақ сынаған болатын.

«Тәуелсіздікке 25 ән» жобасында жеңіске жеткен үздік әндер:

  1. Қайрат Нұртас – «Алға, Қазақстан!» (1924 дауыс)
  2. «Хан Тенгри» тобы – «Қазақ елі» (1499 дауыс)
  3. «Орда» тобы – «Белгісіз жан» (1321 дауыс)
  4. Айқын Төлепберген – «Алтыным» (800 дауыс)
  5. «Кешью» тобы – «Туған жер» (788 дауыс)
  6. «Mysterions» тобы – «Неге үндемедің» (744 дауыс)
  7. Айқын Төлепберген – «Жалаң аяқ қыз» (623 дауыс)
  8. Қайрат Нұртас – «Алматы түні» (525 дауыс)
  9. Жанар Дұғалова – «Ізін көрем» (451 дауыс)
  10. Төреғали Төреәлі – «Бол жанымда» (405 дауыс)
  11. Шаһаризат Сейдахмет – «Мақпалжан» (365 дауыс)
  12. Төреғали Төреәлі & Ерке Есмахан – «Алло» (350 дауыс)
  13. «Меломен» тобы – «Сүйгенім бол» (314 дауыс)
  14. Әли Оқапов – «Биле» (301 дауыс)
  15. «Орда» тобы – «Кеш мені» (278 дауыс)
  16. Қайрат Нұртас – «Арман» (242 дауыс)
  17. Қайрат Нұртас – «Ауырмайды жүрек» (232 дауыс)
  18. «Лашын» тобы – «Бағаламадың» (177 дауыс)
  19. «МузАрт» тобы – «Қазақ елі» (167 дауыс)
  20. Ерболат Құдайбергенов – «Мен қазақпын» (147 дауыс)
  21. Төреғали Төреәлі & Фарида Жолдасова – «Қыдырып қайтайық» (137 дауыс)
  22. Гауһар Қаспақова – «Алғашқы көктем» (131 дауыс)
  23. Ернар Айдар – «Өмір жолы» (125 дауыс)
  24. Батырхан Шүкенов – «Отан Ана» (116 дауыс)
  25. «Жігіттер» тобы – «Арман-ай» (113 дауыс)