Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

«ULPA» ортопедиялық матрастары отандық брендке айналып келеді

Мамықтай жұмсақ әрі қардай аппақ. Тіпті, ұйқы кезінде адамға жағымдылық пен жайлылық сыйлайды. Бұл – «ULPA» брендті ортопедиялық матрастар. Қазақстандық өнім - 8 жылдан астам бұл салада қызмет еткен нағыз шеберлер еңбегінің жемісі. Мамандар бұл өнімнің сапасы мен жасалу үрдісіне ерекше мән береді.

«Отандық матрастар шетелдіктерден еш кем емес. Қайта олардың тауарларына бәсекелес бола алады. Бағасы да қолжетімді», - дейді тұтынушылар.

«ULPA» ортопедиялық матрастары Астана қаласында өндіріледі. Елорданың сауда орындарында тұтынушылар назарына ұсынылған. Қазақстандық бренд бүгінде еліміздің барлық облыстарында сұранысқа ие. Өнімнің өтімі де жақсы. Ulpa-matras.kz сайты арқылы да матрастарға тапсырыс беруге болады. Олардың сапасы көптеген отандық тауар өндірушілер көрмесінде сыналған.

«Қазір тапсырыстарымыз бұрынғыдан 2-3 есеге көбейді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен тапсырыстар алып отырмыз. Сапасы мен бағасы сай келген соң, тұтынушыларымыз да көп»,-дейді «ULPA» кәсіпорнының директоры Айдын Тұңғышбаев.

Ортопедиялық матрастардың төрт түрі өндіріледі: серіппелі матрастар; серіппелі емес матрастар; балаларға арналған матрастар; экокөпіршіктен жасалған жұқа матрастар;

Айта кетейік, өнімнің қаптары мақталы жаккардтан тігіледі. Олардың көпіршікті полиуретан моноблогының тығыздығы жоғары. Ал, ұсақ тесікті құрылымы ауа айналымы үдесінің дамуына септігін тигізіп, аллергиялық реакциялардың алдын алады. Сонымен қатар, сатып алынған әр өнімге кепілдіктер беріледі.

Отандық өнім өндіретін «ULPA» өндіріс орны бүгінде өркендеп, қанат жаюда.  Ерекше сұранысқа ие ортопедиялық матрастар отандық брендке айналып келеді. Келешекте кәсіпорын өндіріс саласын кеңейтіп, матрастарды шетелге экспорттауды көздейді.