Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Орта мектептердегі кітапханалар жұмысын жетілдіру мәселелері талқыланды

Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» базасында жалпы білім беретін мектептердің кітапханашыларына арналған семинар өтті.

Онда орта мектептердегі кітапханаларға халықаралық деңгейдегі озық тәжірибені енгізу, кітапханашылар мен мұғалімдердің бірігіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету жайы талқыланды.

«Мектеп кітапханасы - білім беру процесінің белсенді қатысушысы» атты шараға Астанадағы 100-ден астам оқу ордасының кітапханашылары мен мектеп директорларының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Поделиться: