Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Жеке жоғары оқу орындарын өзгеріс күтіп тұр

Білім және ғылым министрі жеке жоғары оқу орындарын коммерциялық емес ұйымдарға айналдыруды ұсынды. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып әзірленген заң жобасын Ерлан Сағадиев Мәжіліс депутаттарына таныстырды. Құжат университеттердің академиялық және басқару дербестігін сатылай кеңейтуге арналған.

Министрлік ұсынған өзгерістер енгізілсе, жеке жоғары оқу орындары  студенттерді қабылдау, оқытушылар құрамын анықтау, оқу бағдарламасын құру сынды маңызды мәселелерді өздері шеше алатын болады. «Бұл білім мекемелерінің бәсекелестігін арттырады», - деп сендірді министрлік өкілдері.

Альбина ӘШІМ

Поделиться: